HINO MOTORS KAZAKHSTAN, 2014 жылы құрылған, Toyota Tsusho Corporation (Жапония) мен ОРБИС компаниялар тобының (Қазақстан) бірлескен кәсіпорны болып табылады. Toyota Tsusho Corporation (Жапония) Toyota тобының бір қатысушысы ретінде автомобильдерді дистрибуциялаумен айналысады. Сонымен қатар, Toyota Tsusho Corporation Жапониядағы ең ірі компаниялар тізімінде алтыншы орынды алады. Оның қызмет саласы өте кең: өнеркәсіптік шикізатпен жұмыс, ауыл шаруашылығы өнімдері және жоғары технологияларды дамыту сияқты бағыттарды қамтиды.
150-ден астам кеңсесі және 900 еншілес кәсіпорны компанияның нарықтағы тәжірибесі мен ауқымын айқын көрсетеді.